Ресей президенті Владимир Путиннің Бейжіңге сапарынан кейін «Сібір күші-2» газ құбыры жобасы бойынша серпіліс болмады. Бұл жоба ресейлік газды Қытайға жеткізу көлемін айтарлықтай арттыруы тиіс еді, деп хабарлайды Arasha.kz сайты Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.
Құбыр құрылысы бойынша келіссөздер бірнеше жылдан бері жалғасып келеді, алайда тараптар әлі күнге дейін негізгі шарттарды, әсіресе газдың бағасы мен жеткізу параметрлерін келісе алмады. Кремль жобаға «барлық негізгі бөлшектерін пысықтау» қажет екенін мойындады, ал оны іске асырудың нақты мерзімдері әлі белгісіз.
Бұған дейін «Газпром» Қытайға газды еуропалық бағадан төмен деңгейде жеткізуге дайын екенін мәлімдеген болатын. Дегенмен, агенттік дерегінше, Бейжің энергетикалық ресурстарды бір ғана жеткізушіге тәуелді етіп қоюдан қауіптеніп, сақтық танытып отыр.
«Сібір күші-2» жобасы Моңғолия аумағы арқылы жылына 50 млрд текше метрге дейін газ тасымалдауды көздейді. Бұл – Қытайдың қазіргі газ тұтыну көлемінің 10 пайыздан астамы. Газ құбыры қазіргі жұмыс істеп тұрған «Сібір күші» магистраліне қосымша болып, Мәскеу мен Бейжің арасындағы энергетикалық ынтымақтастықты нығайтуы тиіс.