Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Астанада медбике туберкулезбен ауырса да жұмысын жалғастыра берген

Астанада медбике туберкулезбен ауырса да жұмысын жалғастыра берген
Фото: freepik.com

Астанадағы №1 қалалық аурухананың медбикесінен туберкулез анықталғаны туралы ақпарат ресми түрде расталды. Бұған дейін бұл жағдай әлеуметтік желілерде қызу талқыланған еді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, медицина қызметкерінің жұмысқа рұқсаты болған және ол туберкулез бойынша бақылауда тұрған адамдар тізімінде болмаған.

Ведомствоның хабарлауынша, медбике соңғы рет 2026 жылдың ақпан айында флюорографиялық тексеруден өткен. Сол кездегі қорытындыда ешқандай патология тіркелмеген.

Алайда сәуір айында дәрігер көмегіне жүгінгеннен кейін одан туберкулез анықталған. Ол жұмысқа соңғы рет 24 сәуір күні шыққан.

Қазіргі уақытта медбике Қалалық фтизиопульмонология орталығында ем қабылдап жатыр.