Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Қарызға батқан ҚТЖ топ-менеджерлерге 1 млрд теңгеден сыйақы төлеген

Қарызға батқан ҚТЖ топ-менеджерлерге 1 млрд теңгеден сыйақы төлеген
Фото: Arasha.kz

Талғат Алдыбергенов ҚТЖ-ның қарызы 4 трлн теңгеге жеткеніне қарамастан, топ-менеджерлер мен директорлар кеңесіне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Талғат Алдыбергенов айтуынша, сыйақы мөлшері компанияның қаржылық нәтижелеріне байланысты.

«Самұрық-Қазына қорының корпоративтік басқару кодексіне сәйкес, компания мен атқарушы органның қызметін директорлар кеңесі бағалайды. Сыйақылар таза пайда болған жағдайда төленеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ҚТЖ таза пайданы 2,1 есеге арттырып, 340 миллиард теңгеге жеткізді», — деп түсіндірді ол.

Ол аталған сомаға тек басқарма мүшелеріне берілетін сыйақылар ғана емес, сондай-ақ директорлар кеңесінің сыйақылары, еңбек демалысына төленетін қаражат және басқа да төлемдер кіретінін нақтылады. Сондай-ақ, Талғат Алдыбергенов айтуынша, төлемдер туралы шешім бірнеше деңгейлі тексерістен өтеді.

«Шешімді директорлар кеңесі қабылдайды. Сонымен қатар, ол үш мәрте тексерістен өтеді: ішкі аудит қызметі, комплаенс қызметі және қор тарапынан», — деп қосты ол.