Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Сұлтан келіншегін қалай қорлады? Екінші сот процесі басталды

Сұлтан келіншегін қалай қорлады? Екінші сот процесі басталды
Фото: Arasha.kz

Ақбаян Мұқанғалиеваның жақындары оның Сұлтан Сәрсемәлиевпен қалай танысқаны мен отбасы өмірінде болған қиын кезеңдер туралы айтып берді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Туыстарының сөзінше, Ақбаян мектеп бітіргеннен кейін Ақтөбе қаласында заңгер мамандығында білім алған. Кейін Атырауға қоныс аударып, жәрмеңкеде жұмыс істеп жүрген кезде болашақ жары Сұлтанмен танысқан.

Екеуі 2016 жылы отау құрған. Алайда дәстүрлі үлкен той өтпеген. Жақындарының айтуынша, жігіт жағы қыз алып қашу жолын таңдаған. Кейін екі отбасы келісіп, шағын дастархан басында таныстық өткізілген. Бұл некеде бес бала дүниеге келген.

Атырауда Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты екінші сот процесі басталды.

Айыптау актісіне сәйкес, Сәрсемәлиев Наурыз Мұқанғалиевті, Мақсот Қарабалинді, Насип Өтешқалиеваны және Мирамгүл Қарабалинаны өлтірді деп айыпталып отыр.

Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті қылмыстан кейін марқұмдардың денелерін жасырған, олардың ұялы телефондарын және банк шоттарын пайдаланған, несие рәсімдеген. Кейін Қазақстаннан кетіп, Индонезияда ұсталған.