Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Шығыс Қазақстан облысы

Өскемендегі сұмдық оқиға: Көпір үстінде велосипедшілерді көлік қағып кетті

Өскемендегі сұмдық оқиға: Көпір үстінде велосипедшілерді көлік қағып кетті
Сурет: видеодан скрин

Өскеменде көлік велосипедшілер колоннасын қағып кетті. Бұл туралы  Arasha.kz сайты ШҚО Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 мамыр күні сағат 09:30 шамасында Өскеменде Toyota Avensis көлігінің жүргізушісі Ертіс өзені арқылы өтетін көпірде жол ауыстыру кезінде маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбей, велосипедшілер колоннасын қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан 6 кәмелетке толмаған велосипедші медициналық көмекке жүгінді.

Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.