Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин келіссөздерден кейін брифинг өткізді, деп хабарлайды Arasha.kz сайты Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Оның алдында президенттер бірқатар бірлескен жобалармен танысты. Оларға Қазақстанда амур жолбарыстарын қайта жерсіндіру, жүк таситын пилотсыз автокөлік бағытын іске қосу және «Сириус» мектебі жобалары жөніндегі бастамалар таныстырылды.
Брифинг барысында Путин орыс тілі тақырыбына тоқталып, Тоқаевтың осы саладағы бастамалары үшін алғыс білдірді.
«15 наурызда өткен референдумда Қазақстан Президентінің бастамасымен орыс тілінің ресми тіл мәртебесі расталды. Дәл Касым-Жомарт Кемелұлы орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымды құру бастамасын көтерді. Наурыз айында Мәскеуде өткен министрлік конференция ортақ орыстілді мәдени-гуманитарлық кеңістікті сақтауға бағытталған осы құрылымның жұмысына ресми түрде жол ашты. Біз бұл бастамаларды жоғары бағалаймыз. Өз тарапымыздан Ресей Қазақстанда жаңа орыстілді мектептер салуға және орыс тіліндегі білім сапасын арттыруға қолдау көрсетуде», - деді Путин.