Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Уәлибек пен Жүсіп туралы ауыр әңгіме тарады

Уәлибек пен Жүсіп туралы ауыр әңгіме тарады
Фото: Arasha.kz

Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай актерлер Уәлибек Әбдірайымов пен Жүсіп Ақшораның еңбегі әлі күнге дейін лайықты бағаланбағанын айтып, пікір білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында өнер майталмандарына мемлекеттік марапаттың берілмеуіне қатысты ойын ашық жазған.

“Уәлибек Әбдірайымов пен Жүсіп Ақшора ағаларымыздың елге сіңірген еңбегі аз емес. Бірақ осы күнге дейін сол еңбектері лайықты бағаланып, кеуделеріне бір төсбелгі бұйырмағанын қалай түсінуге болады, достар? Әлде естімейтін керең, көрмейтін мен соқырмын ба?», — деп жазды журналист.