Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

Қытай ядролық соғыс сценарийіне дайындалып жатыр

Қытай ядролық соғыс сценарийіне дайындалып жатыр
Сурет: ашық дереккөзден

Жерсеріктен түсірілген суреттерден Қытайдың құрлықаралық зымырандары орналасқан аудандардың маңында 80-нен астам ұшыру алаңы, бункерлер, байланыс орталықтары, әуеайлақтар, теміржол тораптары мен қару-жарақ қоймалары бар екені байқалады, деп хабарлайды Arasha.kz сайты Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Олардың ішінде үш алып сегізбұрышты кешен ерекше көзге түседі. Олар бекіністі қоймалармен, әуе шабуылына қарсы қорғаныс позицияларымен және шөл даладағы ондаған бүркемеленген алаңға апаратын жолдар желісімен қоршалған. Бұл алаңдарда мобильді зымыран қондырғылары, радиоэлектрондық күрес құралдары мен байланыс жүйелері орналасуы мүмкін.

Сарапшылардың пікірінше, Бейжің өзінің ядролық күштерін қорғау үшін тұтас инфрақұрылым жасақтап жатыр. Мұның мақсаты - қарсылас тараптан жасалатын ықтимал алғашқы соққының өзі Қытайды жауап қайтару мүмкіндігінен айыра алмауы үшін жасалған шара.

Құрылыс ауқымы соншалықты үлкен, ол шөл даланың мыңдаған шаршы шақырымын қамтып отыр. Талдаушылардың бірі басылымға берген сұхбатында мұндай жағдайды «өмірінде көрмегенін» мойындады.