Атыраудағы трагедияға қатысты сот отырысында айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиевтің анасынан жауап алынды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ол ұлы Сұлтан Сәрсемәлиевтің бұрынғы әйелін қызындай көргенін айтты. Сотта түсірілген видеоны журналист Жұлдыз Қайратқызы салды.
«Ақбаян ауырғанда өзім қарадым. Памперсіне дейін ауыстырдым. Мен оған бұлданбаймын. Ол менің қызымдай. Маған қарсы келген адам емес», - деді ол.
Гүлнар Азмұханова екі-жастың ортасына бірінші боп құдасы түскенін айтты.
«Маған ауыр тигені әкесі үйге келіп «Ақбаян мұнда тұрмайды» деп әкетіп қалды. Сұлтан қасынан тастамады. Бөлек шығам деді. Шығардық» - дейді ол.