Жамбыл облысының Талас ауданында Қарулы күштерге тиесілі ұшқышсыз ұшу аппараты (дрон) оқу-жаттығу барысында төтенше жағдайда жерге қонған, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оқиға бүгін тіркелді.
Алдын ала мәлімет бойынша, әскери дрон жоспарлы жаттығу кезінде техникалық себептерге байланысты штаттан тыс режимге өтіп, қауіпсіз қонуға мәжбүр болған. Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген.
Қазір оқиға орнында арнайы әскери комиссия жұмыс істеп жатыр. Мамандар ұшқышсыз аппараттың құлау себептерін анықтау үшін оның техникалық жағдайын, басқару жүйесін және ұшу деректерін тексеруде.
Ресми органдардың хабарлауынша, оқиға жоспарлы оқу-жаттығу шеңберінде болған.