Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

"Күйеуім тек қорғанған": Қытайда "кісі өлтірді" деген айыппен қазақстандық азамат ұсталды (ВИДЕО)

"Күйеуім тек қорғанған": Қытайда "кісі өлтірді" деген айыппен қазақстандық азамат ұсталды (ВИДЕО)
stan.kz

Қытайда ұсталған Қазақстан азаматы Махмұтхан Шерназаровтың туыстары әлеуметтік желі арқылы көпшіліктен көмек сұрады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Threads желісінде жарияланған жазбада оның жақындары Қытайда болған қайғылы оқиғаға қатысты істің әділ әрі жан-жақты қаралуын өтінген. Олардың айтуынша, Махмұтхан Қытай азаматы қаза тапқан жанжалдың ортасында қалған.

Туыстарының мәліметінше, оқиға кезінде бірнеше адам қазақстандық азаматқа жабылып, оны соққыға жыққан. Жазба авторы бұл жағдайға қатысты бейнежазба бар екенін де атап өткен.

"Ол шабуылға ұшырады. Қашып кетуге мүмкіндігі болмаған. Махмұтхан өз өмірін қорғауға мәжбүр болды. Адам өлімі осы өзін-өзі қорғау кезінде болған", – делінген әлеуметтік желідегі жазбада.

Марқұмның қазасына қатысты істің мән-жайы толық анықталуы керек екенін айтқан туыстары Махмұтханның әдейі шабуыл жасамағанын жеткізді. Олар Қытай тарапы барлық дәлелді, соның ішінде бейнежазбаларды назарға алып, әділ шешім қабылдайды деп үміттенеді.

Бұл жағдайға қатысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі де пікір білдірді.

Ведомство мәліметінше, Қазақстанның Гуанчжоу қаласындағы Бас консулдығына Қытайдың Гуандун провинциясы қоғамдық қауіпсіздік басқармасынан ресми хабарлама түскен.