Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Павлодарда «жүктімін» деп сотты алдаған әйелдың «арты ашылды»

Павлодарда «жүктімін» деп сотты алдаған әйелдың «арты ашылды»
Фото: freepik

Павлодар облысында өзін жүкті етіп көрсеткен әйел сотты алдамақ болған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ақсу қаласында мас күйінде көлік жүргізіп, жол-көлік оқиғасына себепкер болған әйел жалған анықтама пайдаланғаны үшін әкімшілік қамауға алынды.

Оқиғаға қатысты сот отырысында әйел өзінің жүкті екенін алға тартып, тиісті медициналық анықтама ұсынған. Соның негізінде оған тағайындалуы тиіс әкімшілік қамау жазасы айыппұлмен алмастырылған.

Алайда кейін прокуратура қызметкерлері ұсынылған құжаттың шынайылығын тексеру барысында анықтаманың жалған екенін анықтаған.

Прокуратура мәліметінше, әйел сотты жаңылыстыру мақсатында жалған құжат пайдаланған. Нәтижесінде бұрын тағайындалған айыппұл жазасы қайта қаралып, әкімшілік қамауға ауыстырылды.

Сот шешімімен Ақсу тұрғыны 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Құзырлы органдар жалған құжаттарды пайдалану заң алдында жауапкершілікке әкелетінін еске салып, азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырды.