Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

"Қазір оның түк те мәні жоқ": Путин Зеленскиймен кездесуден бас тартты

"Қазір оның түк те мәні жоқ": Путин Зеленскиймен кездесуден бас тартты
Anadolu Ajansı

Ресей президенті Владимир Путин Украина басшысы Владимир Зеленскийдің ашық хатына жауап беріп, әзірге онымен кездесуге ниетті емес екенін айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Путиннің сөзінше, қазіргі жағдайда мұндай кездесудің нақты мәні жоқ. Ол Украина тарапы үшін мұның басты мақсаты Ресей қарулы күштерінің шабуылын тоқтату ғана екенін мәлімдеді.

"Мен әзірге кездесудің мәнін көріп тұрған жоқпын. Мұның мәні украин тарапы үшін ғана бар – біздің қарулы күштеріміздің ілгерілеуін тоқтату. Ал бізге үш айға немесе жарты жылға емес, ұзақ тарихи перспективаға арналған келісімдер қажет", – деді Ресей президенті.

Путин алдымен екі ел мамандары нақты шешімдер әзірлеуі керек екенін айтты. Оның пікірінше, тек содан кейін ғана жоғары деңгейдегі кездесу туралы сөз қозғауға болады.

Сондай-ақ ол Украинадағы жағдайды реттеуге қатысты негізгі мәселелерді Ресей мен Украина өзара шешуі тиіс екенін атап өтті. Ал АҚШ пен басқа елдер ықтимал келісімдердің кепілгері бола алатынын жеткізді.