"Қазатомөнеркәсіптің" бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің Лондоннан келген құдалары Алматыға келді. Жәкішевтің қызы Алтынай мен оның жары Карл Обидің үйлену тойы енді Қазақстанда жалғасын таппақ, деп хабарлайды Arasha.kz.
Шетелден келген құдалар Алматының көрікті жерлерін аралап, Алатау баурайындағы әсем табиғатты тамашалаған. Олар атқа мініп, Шымбұлаққа көтеріліп, садақ атып көрген. Сондай-ақ қазақы дастарханнан дәм татып, ұлттық салт-дәстүрмен жақынырақ танысқан.
Бұл туралы Алтынай Жәкішеваның енесі Ене Оби Instagram парақшасында жазды.
"Бұл – қызымның туған қаласы. Ол үшін өз адамдарының, отбасының ортасында болу өте маңызды. Той жалғасып жатыр. Алда бізді тағы бір үйлену тойы күтіп тұр. Үшінші және соңғысы алдағы апталардың бірінде өтеді", – деп жазды ол.
Желі қолданушылары екі елдің құдалық байланысын қызыға талқылап, жас жұбайларға бақыт тіледі.