Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Алматыда құпия әрекет еткен салон елдің жағасын ұстатты

Алматыда құпия әрекет еткен салон елдің жағасын ұстатты
Фото: Видеодан кадр

Алматы қаласының Бостандық ауданында полицейлер боди-массаж қызметін көрсетеміз деген желеумен жұмыс істеген жасырын мекеменің қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, заңсыз қызмет көрсеткен салон қаланың беделді аудандарының біріндегі жекеменшік үйлердің бірінде орналасқан. Нысан профилактикалық іс-шаралар барысында учаскелік инспекторлардың назарына ілінген.

Тексеру кезінде полиция қызметкерлері жеті әйелді ұстады. Олар жеке басын анықтау және оқиғаның мән-жайын нақтылау үшін полиция бөліміне жеткізілген.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ мекеме әкімшілігіне қатысты тиісті шаралар қабылданған.

Полиция әзірге оқиғаға қатысты өзге ақпаратты жариялаған жоқ.