Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Шоу-бизнес

"Димашпен кездесуге барып, сөйлескенбіз": Танымал актриса құпиясын ашты (ВИДЕО)

"Димашпен кездесуге барып, сөйлескенбіз": Танымал актриса құпиясын ашты (ВИДЕО)
kznews.kz коллажы

Динара Сәтжанның бағдарламасына қатысқан Сабина Мовлаева мен Димаш Құдайбергеннің жасанды интеллект арқылы жұп ретінде көрсетілген видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бағдарлама барысында Сабина Мовлаева Димашпен бұрыннан таныс екенін айтып, олардың бала күннен араласқанын еске алды. Оның сөзінше, екеуі Ақтөбеде көрші тұрған және бірнеше жыл бойы бір салада бірге жұмыс істеген.

"Білесіздер ме, білмейсіздер ме, біз Димаш екеуміз жас кезімізде 8 жыл бойы филармонияда бірге жұмыс істедік. Ақтөбеде көрші болдық. Димашты жақсы танимын. Сондай-ақ біз 1-2 рет кездесуге барғанбыз, оны жасырмаймын", – деді Сабина.

Алайда эфирден кейін желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі Сабинаның сөзін жылы қабылдап, оның Димашпен бұрыннан таныстығын қалыпты жағдай деп бағаласа, енді бірі блогерге қатысты сын пікірлер жазған.

Әсіресе жасанды интеллект көмегімен жасалған видео көпшіліктің назарын аударды. Желіде бұл көріністі әркім әртүрлі қабылдап, қызу талқылап жатыр.