Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Министрлік сәбиін қолына ұстап курьер болып жүрген анаға қатысты пікір білдіруден бас тартты

Министрлік сәбиін қолына ұстап курьер болып жүрген анаға қатысты пікір білдіруден бас тартты
Фото: әлеуметтік желі

«Бұл – отбасылық бюджет мәселесі» деп кесіп айтқан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай қоғамда қызу талқыланған фотоға қатысты пікір білдіруден бас тартты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Виктория Шегайдан журналист декреттік демалыстағы әйелдердің кішкентай сәбиін қолына көтеріп курьер болып жұмыс істеуге мәжбүр болуы қаншалықты қалыпты жағдай екені, сондай-ақ осындай жағдайда заңсыз алынған декреттік төлемдерді қайтаруды талап ету әділетті ме деген сұрақ қойды.

Вице-министр ол суретті көрмедім деген соң халық арасында резонанс тудырған оқиғаны журналист тәптіштеп түсіндіріп берді. Сонымен қатар журналист жас аналардың мұндай табыс табу жолына бармауы үшін мемлекет қандай шаралар қабылдап жатқанын сұрады.

Өз кезегінде Шегай нақты жағдайды бағалай алмайтынын айтты, себебі оған барлық мән-жайлар белгісіз. Оның айтуынша, декреттегі әйелдің жұмыс істеуі керек пе деген мәселе ең алдымен отбасылық бюджет пен отбасы ішіндегі жағдаға қатысты екен.

Сондай-ақ вице-министр декреттік төлемдерді қайтару мәселесіне қайта тоқталып, бұл жерде жас аналарды жазалау туралы сөз болып отырмағанын атап өтті. Ол заңсыз әлеуметтік төлемдер алу схемаларын ұйымдастырушыларға қатысты 38 қылмыстық іс тергеліп жатқанын жеткізді. Сонымен қатар бұл схемаларға мыңнан астам әйелдің тартылғанын мойындады.

Журналистің әйел-курьердің өз жағдайын декреттік демалыс кезіндегі қаражаттың жетіспеушілігімен түсіндіргеніне вице-министр өз құзыреті аясында жауап бергенін айтып, бұл мәселе бойынша қосымша түсініктеме беруден бас тартты.