Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Шоу-бизнес

“Меккеден келіп, қайтадан қуып кетеді”: Баян Алагөзова ел естімеген шындықты айтты

“Меккеден келіп, қайтадан қуып кетеді”: Баян Алагөзова ел естімеген шындықты айтты
ашық дереккөзден

Танымал продюсер Баян Алагөзова Qazaq Ordasy арнасына берген сұхбатында кейбір өнер адамдарының діни сенімін көпшілік алдында көрсеткенімен, кейін соған сай өмір сүрмейтінін айтты, деп Arasha.kz тілшісі Malim.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Продюсердің сөзінше, кей жұлдыздар Меккеге барғанын ашық жариялап, қасиетті орында түскен суреттерін әлеуметтік желіге салады. Алайда елге оралғаннан кейін бұрынғы әдеттерін жалғастырады дейді ол.

"Жария түрде Меккеге барады, жария түрде Меккенің аясында селфи жасайды, жария түрде бәрін көрсетеді. Мұның бәрін осылай ашық көрсету – нағыз мәдениетсіздік. Ал кейін Меккеден келген соң сол баяғы қыдыру, ішімдік ішу жалғаса береді. Бұл – екіжүзділік. Мұны біреу айтуы керек", – деді Баян Алагөзова.

Сондай-ақ ол әріптестерін қасиетті орынға бармас бұрын өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауға шақырды. Продюсер адамның сенімі мен іс-әрекеті бір-біріне қайшы келмеуі керек екенін айтты.

"Егер Меккеге баратын болсаңыздар, Құдайды алдаудың қажеті бар ма, жоқ па – мың рет ойланыңыздар. Кейін келіп алып, қайтадан ішіп, шегіп, қыдырып, боқтап, қуып жүретін болсаңыздар", – деді ол.

Баян Алагөзованың бұл пікірі желіде қызу талқыланып, көпшілік арасында әртүрлі пікір туғызды.