Сарыағашта ер адам өз әкесін әдейі өлтірді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Сарыағаш ауданында әкесін өлтірді деген айыппен қаралған қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты.
Тергеу мәліметіне сәйкес, айыпталушы қоғамға қауіпті әрекетті психикалық ауытқу салдарынан жасаған. Сот оны қылмыстық жауапкершіліктен босатып, мәжбүрлі емдеуге жіберді.
Ол өз әкесін балдақпен, жіппен қылқындырғаны белгілі болды.