Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Спорт

Виктория Графеева әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды

Виктория Графеева әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан бокстан әлем кубогында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл жолы жеңіс тұғырына Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі, әлем чемпионатының жүлдегері Виктория Графеева көтерілді. Ол 60 келі салмақта сынға түсті.

Финалда қазақстандық боксшы Париж Олимпиадасының чемпионы, Тайпей өкілі Лин Юй-Тинмен жұдырықтасты.

Жекпе-жектің алғашқы раундында қарсыласы басымдық танытқанымен, Виктория Графеева кездесудің соңына дейін берілмей, жеңіске деген жігерін көрсетті.

Тартысты өткен финалдық айқаста қазақстандық спортшы 3:2 есебімен жеңіске жетіп, әлем кубогының алтын медалін иеленді.