Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Спорт

"Нағыз аңыз": Геннадий Головкин Криштиану Роналдуға қолдау білдірді

"Нағыз аңыз": Геннадий Головкин Криштиану Роналдуға қолдау білдірді
Криштиану Роналду мен Геннадий Головкин. Фото: instagram.com/gggboxing

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті, әйгілі боксшы Геннадий Головкин Португалия құрамасындағы мансабын аяқтаған Криштиану Роналдуға қолдау білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұған дейін 41 жастағы португалиялық футболшы ұлттық құрамадағы 23 жылдық мансабын аяқтайтынын мәлімдеген болатын. Роналду Instagram парақшасында арнайы бейнеүндеу жариялап, жанкүйерлеріне, бапкерлеріне және командаластарына алғыс айтқан.

Футбол жұлдызының бұл шешімі әлем бойынша қызу талқыланып, оның жазбасына танымал спортшылар мен жанкүйерлер пікір қалдырған.

Олардың арасында қазақстандық Геннадий Головкин де бар. Ол Роналдудың спорттағы жетістіктерін жоғары бағалап, жылы лебізін білдірді.

"Нағыз аңыз! Әлем бойынша адамдарды шабыттандыра бер! Сенің мұраң мәңгі өмір сүреді", – деп жазды Головкин.

Жарияланған мәліметке сәйкес, Роналдудың қоштасу видеосы 467 миллионнан астам қаралым жинап, 32 миллионнан аса адам оған ұнату белгісін басқан.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Криштиану Роналду бұған дейін де кездескен. 2025 жылдың желтоқсанында қазақстандық боксшы Сауд Арабиясында португалиялық футбол жұлдызымен жүздескенін әлеуметтік желіде жариялаған болатын. Сондай-ақ Головкин бірнеше жыл бұрын Роналдумен бірге түскен суретін көрсетіп, екеуінің бірлескен арнайы жоба дайындап жатқанын хабарлаған.