Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

Тоқаев Брюссельге ресми сапармен барады

Тоқаев Брюссельге ресми сапармен барады
Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

22-23 маусым күндері Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес президенті Антониу Коштаның шақыруымен Брюссельге ресми сапармен барады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ақорданың мәліметінше, сапар барысында Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес президенті Антониу Коштамен және Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйенмен келіссөз жүргізеді.

Кездесулерде Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланады.

Сапар бағдарламасында Бельгия премьер-министрі Барт де Вевермен кездесу де қарастырылған.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев ірі еуропалық компаниялар басшылары қатысатын "Қазақстан – ЕО" дөңгелек үстелінде сөз сөйлеп, бірқатар екіжақты кездесу өткізеді.