Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Спорт

Санжар Тәшкенбай әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды

Санжар Тәшкенбай әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды
Спортты дамыту дирекциясы

Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан бокстан әлем кубогында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты, деп хабарлайды Arasha.kz.

50 келі салмақта сынға түскен Санжар Тәшкенбай финалда Азия чемпионы, өзбекстандық Асилбек Жалиловпен жұдырықтасты.

Тартысты өткен ақтық кездесуде төрешілер шешімімен Санжар Тәшкенбай 3:2 есебімен жеңіске жетіп, әлем кубогының чемпионы атанды.

Финалға дейін қазақстандық боксшы ширек финалда қырғызстандық Анваржан Ходжиевті 5:0 есебімен жеңген. Ал жартылай финалда испаниялық Мартин Молина Сальвадордан дәл осындай есеппен басым түсті.

Айта кетейік, Санжар Тәшкенбайдың бұл жеңісі Қазақстан құрамасына әлем кубогындағы төртінші алтын медальді сыйлады.