Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

Италия премьері түрік басшысы Ердоғанға берген уәдесінде тұрды (ВИДЕО)

Италия премьері түрік басшысы Ердоғанға берген уәдесінде тұрды (ВИДЕО)
Gettyimages.ru

Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Францияда өткен "Үлкен жетілік" саммиті кулуарында темекіні тастағанын айтып, әріптестерінің қолдауына ие болды, деп Arasha.kz тілшісі Dalanews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

G7 көшбасшыларының бейресми әңгімесі түсірілген видеоны Euronews жариялаған. Кездесу барысында Мелони кофе ішкісі келетінін айтқан. Осы сәтте Германия канцлері Фридрих Мерц әзілдеп, кофеге қоса темекі де керек емес пе деп сұраған.

"Жоқ, мен тастадым", – деп жауап берген Италия премьері.

Бұл сөзге Еуропалық комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен "Браво!" деп қошемет білдірген. Отырған басқа көшбасшылар да Мелонидің шешімін жылы қабылдап, қолдау көрсеткен.

Италия үкіметінің басшысы темекіні бір ай бұрын қойғанын нақтылаған. Бұдан кейін Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер Еуропалық кеңес төрағасы Антониу Коштадан оның темекіні қашан тастағанын сұраған.

Кошта 2005 жылы темекіні қойғанын айтып, содан бері бұл әдетке қайта оралмағанын жеткізген.

Басылымның жазуынша, бұған дейін Газадағы бейбітшілік мәселелеріне арналған саммитте Мелонидің темекі шегуі Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның әзіліне арқау болған. Сол кезде Ердоған Италия премьерінің жақсы көрінетінін айтып, оны темекіні тастауға "мәжбүрлеу" керек екенін әзілмен жеткізген.

Мелони бұл сөзге күліп, темекіні тастау оңай емес екенін меңзеп, әзілмен жауап берген.