Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

"Күйеуі ауырып жатқан жоқ": Министр баласын арқалап курьер болған әйел туралы жаңа дерек айтты

"Күйеуі ауырып жатқан жоқ": Министр баласын арқалап курьер болған әйел туралы жаңа дерек айтты
Dalanews.kz коллажы

Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқар Ертаев баласын арқалап, курьер болып жүрген әйелге қатысты жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Dalanews.kz мәліметінше, министр жас отбасының Астанаға көшіп келгенін айтты. Оның сөзінше, әйелдің жұбайының жоғары білімі бар, алайда әзірге тұрақты жұмысы жоқ. Ал курьер болып жұмыс істеген келіншек техникалық орта білім алған.

Асқар Ертаев бұған дейін тараған "күйеуі ауырып жатыр" деген ақпаратты жоққа шығарды.

"Күйеуі ауырып жатқан жоқ. 2 миллион теңге кредиті бар, автокөлігі бар. Шымкентте олар жақсы өмір сүрген. Туған ағасы ломбард саласында жұмыс істейді. Ата-анасының да жағдайы жаман емес", – деді министр.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта әйелдің жұбайына Мансап орталығы арқылы бірнеше бос жұмыс орны ұсынылған.

Сонымен қатар Асқар Ертаев сәбиімен жүрген әйелді курьер ретінде жұмысқа алған компанияға қатысты да сұрақтар бар екенін жеткізді. Оның сөзінше, бұл жағдайдың мән-жайы қосымша тексерілмек.

"Иә, ол шынымен курьер ретінде тіркелген. Бірақ бізде ол жұмыс істеген компанияға қатысты сұрақтар бар. Жұмысқа шығар алдында қандай нұсқаулық берілді, оны баламен қалай жұмысқа шығарған? Қазір жұмыспен қамту платформасы уақыт сұрады. Олардың жауабын күтіп отырмыз. Келесі аптада диалогты жалғастырамыз", – деді Асқар Ертаев.