Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

Түрмеде отырған Мадуро зілзаладан зардап шеккен Венесуэла халқына үндеу жолдады

Түрмеде отырған Мадуро зілзаладан зардап шеккен Венесуэла халқына үндеу жолдады
REUTERS/Maxwell Briceno

Зілзаладан зардап шеккен Венесуэла халқына қазір АҚШ түрмесінде отырған елдің бұрынғы президенті Николас Мадуро атынан үндеу жарияланды, деп хабарлайды Arasha.kz.

25 маусым күні таңертең Венесуэлада магнитудасы 7,5 балдық жойқын жер сілкінісі болды. Табиғи апаттан кейін елдің бірқатар аймағында ғимараттар қирап, тұрғындар көшеге шығуға мәжбүр болған.

Мадуро мен оның жұбайы Силия Флорестің атынан жарияланған мәлімдемеде Венесуэла халқына сабыр мен бірлік тілеген үндеу айтылған.

"Отанымызға ауыр соққы болып тиген жойқын зілзаладан зардап шеккен венесуэлалықтар үшін дұға етеміз. Осындай қиын сәтте баршаңызды ұлттық бірлікке, сабыр мен сүйіспеншілікке шақырамын. Жүрегіміз бүкіл Венесуэламен бірге", – делінген мәлімдемеде.

Үндеу биліктен тайдырылған президенттің ресми Telegram-арнасында жарияланды.

Қазір Николас Мадуро мен оның әйелі Силия Флорес Нью-Йорктегі федералдық түрмеде отыр. Оларға есірткі және қару саудасына қатысты айып тағылған.

Бұған дейін америкалық әскерилер 2026 жылғы қаңтарда Мадуро мен оның жұбайын Каракастағы президент резиденциясынан алып кеткені хабарланған еді.