Оңтүстік Корея соты елдің бұрынғы президенті Юн Сок Ёльдің жұбайы Ким Гон Хиді пара алу ісі бойынша кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Arasha.kz сайты Yonhap News Agency агенттігіне сілтеме жасап.Ким Гон Хи
Сеулдің Орталық аудандық сотының мәліметінше, Ким Гон Хи өзінің бұрынғы бірінші ханым ретіндегі мәртебесін пайдаланып, жекелеген тұлғалар мен компаниялардың мүддесін қорғауға көмектескен. Тергеу нұсқасы бойынша, ол бұл қызметі үшін қымбат сыйлықтар алған.
Прокурорлар оған 7,5 жыл түрме жазасын сұрағанымен, сот соңғы шешім ретінде 7 жыл жаза тағайындады.
Бұл Ким Гон Хиге қатысты алғашқы үкім емес. Биыл қаңтар айында ол сәнді бұйымдар - Chanel сөмкесі мен Graff әшекейлерін заңсыз алғаны үшін 1 жыл 8 айға сотталған еді.
Ал оның жұбайы, экс-президент Юн Сок Ёль бұған дейін қызметінен шеттетілген. Қазіргі таңда ол да бірнеше қылмыстық іс бойынша тергеуге тартылып жатыр. Соңғы мәліметтерге сәйкес, прокурорлар оған 2024 жылы әскери жағдай енгізуге әрекеттенді деген айыппен ең қатаң жаза сұраған.