Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

Дариға Назарбаеваның Лондондағы сарайы жұртты таңғалдырды

Дариға Назарбаеваның Лондондағы сарайы жұртты таңғалдырды
ulysmedia.kz

Дариға Назарбаеваға тиесілі делінетін Ұлыбританиядағы қымбат зәулім үйдің суреттері әлеуметтік желілерде тарап, қызу талқыға себеп болды деп хабарлайды Arasha.kzUlysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сөз Лондон қаласының ең беделді аудандарының бірі - Highgate маңындағы Denewood Road көшесінде орналасқан зәулім үй туралы болып отыр.

Аталған үй алғаш рет 2022 жылдың наурызында, Қазақстандағы Қаңтар оқиғасынан кейін сатылымға қойылған. Ол кезде сарайдың бағасы 11,8 миллион доллар болған. Алайда бірнеше жылдан бері сатып алушы табылмағандықтан, қазір оның құны 10,5 миллион долларға дейін төмендеген.

Жалпы ауданы 765 шаршы метрді құрайтын үйде жеті жатын бөлме, алты жуынатын бөлме, бірнеше қонақ бөлме, бассейн, бильярд залы және қысқы бақ бар.

Алайда көпшіліктің назарын сарайдың бағасы емес, интерьердегі қазақы нақыш аударды.

Желіде тараған фотоларда люкс жиһаздардың арасында қазақтың дәстүрлі көрпешелері мен ұлттық кілемдерібайқалып, бұл әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды.

Айта кетейік, 2020 жылы Ұлыбританияның құқық қорғау органдары бұл үй мен тағы бірнеше жылжымайтын мүлікке қатысты тергеу жүргізіп, активтердің қай қаржыға сатып алынғанын анықтауға тырысқан. Алайда кейін Лондон соты мүлікке қойылған шектеуді алып тастаған. 

Қаңтар оқиғаларынан кейін Дариға Назарбаева саясаттан алыстап, қоғамдық кеңістікте сирек көріне бастады.