Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Бүгін – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні

Бүгін – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні
ашық дереккөзден

Қазақстанда 2019 жылдан бері 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні ретінде ресми түрде аталып өтеді. Бұл дата Үкімет қаулысымен бекітілген. Бұған дейін журналистер мен медиа саласының мамандары кәсіби мерекесін маусым айының соңғы жексенбісінде атап келді, деп хабарлайды Arasha.kz.

28 маусымның таңдалуы кездейсоқ емес. Бұл күннің отандық ақпарат саласы үшін тарихи маңызы бар. 1997 жылы дәл осы күні Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" алғашқы заңға қол қойған.

Аталған заң елдегі ақпараттық кеңістікті құқықтық тұрғыдан реттеп, журналистика саласының заңнамалық негізін қалыптастыруға жол ашты. Осы құжат арқылы БАҚ қызметінің негізгі қағидалары мен ақпарат тарату саласындағы қатынастар айқындалды.

Қазіргі таңда Қазақстанда 5303 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген. Оның ішінде 3181 мерзімді баспасөз басылымы, 253 телеарна, 315 шетелдік телеарна, 97 радиоарна, сондай-ақ 1457 ақпарат агенттігі мен интернет-басылым бар.

Осылайша, 28 маусым – елдегі журналистер, редакторлар, теле-радио қызметкерлері, операторлар, фототілшілер және жалпы ақпарат саласында еңбек етіп жүрген мамандардың кәсіби мерекесі саналады.