Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Кей өңірлерде ауа температурасы 41 градусқа дейін көтеріледі: 7 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Кей өңірлерде ауа температурасы 41 градусқа дейін көтеріледі: 7 шілдеге арналған ауа райы болжамы
pxhere.com

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы құбылмалы болып, бірқатар өңірде нөсер жаңбыр жауса, енді бір аймақтарда аптап ыстық күшейеді. Синоптиктердің болжауынша, кей жерлерде ауа температурасы +41 градусқа дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды Arasha.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған 7-9 шілдеге арналған болжамға сәйкес, атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

7-9 шілде аралығында еліміздің батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал 7-8 шілде күндері жауын-шашын солтүстік пен орталық өңірлерге де таралады.

7 шілдеде орталық және шығыс аймақтарда нөсер жаңбыр күтілсе, 8 шілдеде батыс өңірлер мен оңтүстік-шығыстың таулы аумақтарында, 9 шілдеде батыс облыстарда қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Кей жерлерде желдің екпіні күшейіп, бұршақ түсуі мүмкін.

Сонымен қатар синоптиктер батыс, оңтүстік және шығыс өңірлерде желдің күшеюі мүмкін екенін ескертті.

Осыған қарамастан, алдағы күндері еліміздің бірқатар аймағында аптап ыстық күшейеді. Болжам бойынша, солтүстік-батыс және орталық өңірлерде ауа температурасы +35...+39 градусқа дейін көтеріледі. Жекелеген аудандарда сынап бағаны +41 градусқа дейін жетуі ықтимал.

Солтүстік өңірлерде де ыстықтың беті қайтпай, күндізгі температура +35...+38 градус аралығында болады. Ал республиканың қалған бөлігінде ауа температурасында айтарлықтай өзгеріс күтілмейді.