Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Алдағы күндері еліміздің кей өңірлерінде 41 градусқа дейін ыстық болады

Алдағы күндері еліміздің кей өңірлерінде 41 градусқа дейін ыстық болады
FRED TANNEAU/AFP via Getty Images

Синоптиктер 8-9 шілде аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын хабарлады. Мамандардың болжамынша, алдағы күндері еліміздің бірқатар өңірінде күн қатты ысып, ауа температурасы 41 градусқа дейін көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды Arasha.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Кей өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейіп, бұршақ түсуі ықтимал.

Алдағы екі күнде еліміздің батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында жаңбыр күтіледі. 8-9 шілде күндері солтүстік пен орталық өңірлерде де жауын-шашын болуы мүмкін.

8 шілдеде батыста және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында, ал 9 шілдеде батыс өңірлерде қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Сондай-ақ екпінді жел соғып, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін.

Батыс, оңтүстік және шығыс облыстарда желдің күшеюі болжанып отыр.

Сонымен қатар ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. Елдің солтүстік-батысында және орталығында күн 35-39 градусқа дейін ысып, жекелеген аудандарда 41 градусқа дейін аптап ыстық болуы мүмкін. Солтүстік өңірлерде де 35-38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Синоптиктердің айтуынша, елдің өзге аймақтарында ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.