Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

6ellucci-дің әніндегі жол әлеуметтік желіде пікірталас тудырды

6ellucci-дің әніндегі жол әлеуметтік желіде пікірталас тудырды
Сурет ашық дереккөзден алынған

6ellucci тобының «Sebepter» әніндегі «Мені күттіріп қойма қалқатай, Жамбылды Алғадайдай» деген жолы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Пікірталасқа түрткі болғандардың бірі Threads қолданушысы Нұржан есімді желі қолданушысы болды. Оның айтуынша, ән мәтініндегі бұл тіркес тарихи оқиғаға сәйкес келмейді.

«Алғадай Ұлы Отан соғысына аттанғанда, әкесі Жамбыл Жабаев оның аман оралуын тағатсыздана күткен. Ұлына арнап өлеңдер жазып, тағдырын білмей үмітпен өмір сүрген. Осындай қайғылы тарихты бұл әнде қолдану қаншалықты орынды?» - деп жазды ол.

Бұл пікір желіде түрлі реакция тудырып, кейбір қолданушылар автордың ойын қолдаса, енді бірі ән жолын басқаша түсіндіруге болатынын айтты.

Аталған сынға Bellucci тобы да жауап берді. Топтың ресми парақшасында жарияланған жазбада әндегі бұл жолдың астарында ешқандай жағымсыз ой жоқ екені айтылған.

«Құрметті Нұреке бауырым! Өлең шумақтары “Қайда болсаң да аман-есен жүр” деген ойды білдіреді. Бұл жерде ешқандай жаман ой айтылмады. Бірақ, мәтінге көңіл бөлетін адам саны көбейгеніне қатты қуаныштымыз», - деп жазды топ мүшелері.

Осылайша, әннің бір ғана жолы әлеуметтік желіде тарихи тұлғаларға қатысты көркем образдарды қолдану қаншалықты орынды деген жаңа талқылауға себеп болды.