Петропавлда әйелді зорламақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оқиға туралы ақпарат желіде тарады.
Қала тұрғыны түсте саяжайдан велосипедпен қайтып келе жатқанда, алдынан егде жастағы ер адам шыққан. Ол әйелге сиыр іздеп жүргенін айтқан.
Әйел ешнәрседен қауіптенбеген. Дәл сол сәтте ер адам әйелді жерге алып ұрып, тұншықтыра бастаған.
Жанталасып арпалысып жатқанда әйел жолдан өтіп бара жатқан адамды жанұшыра көмек шақырады. Сол сәтте ер адам қолын босата қояды.
Әйел осы сәтті пайдаланып, қаша жөнелген.
Полиция әйелге тиісті деген күдікпен 62 жастағы ер адамды ұстап, қамауға алды. Қазір тергеу жүріп жатыр.