Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

25 жыл түрмеде отырған қылмыскер бостандыққа шығып әйелді зорламақ болған

25 жыл түрмеде отырған қылмыскер бостандыққа шығып әйелді зорламақ болған
Фото: freepik

25 жыл түрмеде отырған қауіпті қылмыскер бостандыққа шыққан соң әйелді зорламақ болған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Петропавлда 90-жылдары аса ауыр қылмыстары үшін сотталған Валерий Кричиневский бостандыққа шыққаннан кейін жаңа іске күдікке алынды.

Тергеу мәліметінше, ол Петропавл маңындағы орманды жерде 54 жастағы әйелге шабуыл жасап, сексуалдық сипаттағы әрекет жасауға әрекеттенген. Жәбірленуші полицияға хабарласып, күдікті көп ұзамай ұсталған.

Кричиневский бұған дейін әйелдерге шабуыл жасаған бірқатар қылмысы үшін 25 жылға сотталған. Оның ісінде 11 эпизод болған. Соңғы құрбаны — 7 жастағы қызды 13 рет пышақтаған. 

Қазір күдікті екі айға қамауға алынды. Егер кінәсі дәлелденсе, оған 5 жылдан 8 жылға дейін жаза тағайындалуы мүмкін.