Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Дипломын жыртқан түлек желіде қызу талқыға түсті

Дипломын жыртқан түлек желіде қызу талқыға түсті
Коллаж ЖИ арқылы жасалған

Алматы бизнес және коммуникациялар колледжінде өткен диплом табыстау рәсімінде түлектердің бірі дипломын жыртқандай кейіп танытып, әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Arasha.kz, tipichniy.atyrau-ға сілтеме жасап.

Кейін белгілі болғандай, бұл шынайы диплом емес, алдын ала дайындалған екінші мұқаба болған. Кейбір желі қолданушылары мұны сәтті әзіл әрі креативті қойылым деп бағаласа, енді бірі мұндай әрекетті орынсыз деп есептеді.

Сын айтушылардың пікірінше, диплом табыстау - жай ғана салтанатты рәсім емес. Бұл - бірнеше жыл бойы білім берген ұстаздардың еңбегі бағаланатын, ата-ананың қуанышы мен түлектің жетістігі тоғысатын ерекше күн. Сондықтан жұрттың назарын аудару үшін жасалған мұндай перформанс оқу орнына деген құрметке көлеңке түсіруі мүмкін деген пікірлер айтылуда.

Ал басқа қолданушылар ешқандай құжатқа зиян келтірілмегенін, бұл тек әзіл ретінде ұйымдастырылған көрініс екенін айтып, жағдайды тым әсірелеуге болмайтынын алға тартты.

Оқиға әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырып, көпшілік диплом табыстау рәсіміндегі мұндай әрекеттің орынды-орынсыз екені жөнінде түрлі көзқарас білдіруде.