Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Атыраудағы трагедия: Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот үкімі шықты

Атыраудағы трагедия: Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот үкімі шықты
ашық дереккөзден

Атырауда қайын жұртын жайратып салған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот үкімі шықты, деп Arasha.kz тілшісі Dalanews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Атырау облысындағы Жангелдин ауылында төрт адамды өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиев өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы сотталушыға дәл осындай жаза тағайындауды сұраған еді. Прокурор екі немесе одан да көп адамды аса қатыгездікпен және пайдакүнемдік мақсатта өлтіру бабы бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етті. Істе бұдан бөлек те бірнеше бап бар.

Жангелдин ауылындағы жан түршігерлік қылмыс өткен жылдың соңында болған. Тергеу нұсқасына сәйкес, Сәрсемәлиев бұрынғы әйелі Ақбаян Мұқанғалиеваның ата-анасын, ағасы мен қарындасын қатыгездікпен өлтірген.