Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Кашаған акционерлерінен 2,3 трлн теңге көлеміндегі экологиялық айыппұл мәжбүрлі түрде өндірілмек

Кашаған акционерлерінен 2,3 трлн теңге көлеміндегі экологиялық айыппұл мәжбүрлі түрде өндірілмек
Сурет ашық дереккөзден алынған

Кашаған кен орнын игеріп жатқан NCOC компаниясы 2026 жылдың 20 шілдесіне дейін 2,3 трлн теңге көлеміндегі экологиялық айыппұлды төлеуі тиіс. Егер белгіленген мерзімде төлем жасалмаса, мемлекет оны мәжбүрлі түрде өндіріп алу рәсімін бастайды, деп хабарлайды Arasha.kzTengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әділет вице-министрі Даниель Ваисов мәлімдеді.

Оның айтуынша, дау экологиялық заңнама талаптарының бұзылуына байланысты туындаған инвестициялық іске қатысты.

Сонымен қатар Кашаған жобасына қатысушы компаниялар Қазақстан тарапының әрекеттерімен келіспей, дауды халықаралық деңгейде қарауға жіберген. Олар Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталыққа (ICSID) талап-арыз түсірген.

Қазіргі уақытта іс АҚШ-тың Вашингтон қаласында қаралып жатыр. Вице-министрдің сөзінше, әзірге арбитраждық трибуналдың құрамы жасақталу үстінде.