Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
қылмыс

Әділетхан Молдахан 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды

Әділетхан Молдахан 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды
Сурет ашық дереккөзден алынған

Заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан жалған ақпарат таратты деген айып бойынша кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Arasha.kz, Bairaq Media-ға сілтеме жасап.

Сот үкіміне сәйкес, Әділетхан Молдаханға 2,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар оған 5 жыл бойы әлеуметтік желілерде жарияланым жасауға тыйым салынды.

Іс материалдары бойынша, сот оны жалған ақпарат таратты деген айып бойынша кінәлі деп таныған.

Айта кетейік, қазіргі таңда сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Ол заңнамада белгіленген тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.