Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
қылмыс

Судья Сұлтан Сәрсемәлиевтің өмір бойына сотталу себебін атады

Судья Сұлтан Сәрсемәлиевтің өмір бойына сотталу себебін атады
Коллаж ЖИ арқылы жасалған

Атырау облысында Қарабалиндер отбасының төрт мүшесінің өліміне қатысты резонансты іс бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілген Сұлтан Сәрсемәлиевке шығарылған үкімнің себептері белгілі болды. Бұл туралы үкім шығарған судья Зарема Хамидуллина түсіндірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Судьяның айтуынша, сот-психиатриялық сараптама Сәрсемәлиевтің қылмыс жасаған кездегі психикалық жағдайына қатысты күмән қалдырмаған.

«Сот-психиатриялық сараптама Сұлтан Сәрсемәлиевтің ақыл-есінің дұрыс екенін көрсетті. Сонымен қатар тергеу мен сот барысында оның қылмысты алдын ала жоспарлап жасағаны толық дәлелденді», - деді судья.

Сот материалдарына сәйкес, Сәрсемәлиев 2025 жылдың мамырынан желтоқсанына дейін төрт адамды қасақана өлтірген. Бұдан бөлек, жәбірленушілер қайтыс болғаннан кейін алаяқтық, ұрлық, жеке куәліктерді иемдену және олардың мүлкін талан-таражға салу сияқты бірнеше құқық бұзушылық жасаған.

«Іс материалдарына сәйкес, қылмыстан кейін сотталушы марқұмдардың атына несие рәсімдеп, олардың бірінің атынан ауыл тұрғындарына хабарламалар жіберген. Сондай-ақ адамдарды алдап, қайтыс болған азаматтың мүлкін сатып жібергені анықталды», - деді Зарема Хамидуллина.

Судья барлық мән-жайды, жиналған дәлелдерді және жасалған қылмыстардың ерекше ауырлығын ескере отырып, ең қатаң жаза тағайындалғанын айтты.

«Осы мән-жайлардың барлығын ескерген сот Сұлтан Сәрсемәлиевті қоғамнан өмір бойына оқшаулау туралы шешім қабылдады», - деп қорытындылады судья.