Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
қылмыс

Ұлытау облысында тергеушіге пара бермек болған ер адам ұсталды

Ұлытау облысында тергеушіге пара бермек болған ер адам ұсталды
Сурет Жи арқылы жасалған

Ұлытау облысында алаяқтық ісі бойынша өз пайдасына шешім шығаруды көздеген ер адам тергеушіге пара бермек болған сәтте ұсталды, деп хабарлайды Arasha.kzSadaqmedia-ға сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті тергеушіге шамамен 940 мың теңге көлемінде пара ұсынған. Алайда полиция қызметкерлері бұл туралы алдын ала хабардар болған.

Ақшаны беру кезінде ер адам қылмыс үстінде ұсталып, ұсынылған қаражат тәркіленді. Кейін ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Құзырлы органдар істің барлық мән-жайын анықтауда.