Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Ақтаулықтар Джеки Чаннан көмек сұрады (ВИДЕО)

Ақтаулықтар Джеки Чаннан көмек сұрады (ВИДЕО)
Коллаж ЖИ арқылы жасалған

Ақтау тұрғындары әлеуметтік желі арқылы әлемге әйгілі актер, режиссер әрі продюсер Джеки Чанға үндеу жасап, қаладағы ауыз су тапшылығы мәселесіне назар аударуды сұрады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеода тұрғындар Джеки Чанның, сондай-ақ Ақтау қаласы әкімдігі мен Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми парақшаларын белгілеп, өңірдегі жыл сайын қайталанатын ауыз су мәселесін көтерген.

Желі қолданушыларының айтуынша, Ақтауда ауыз су тапшылығы тұрғындарды бірнеше жылдан бері алаңдатып келеді. Әсіресе жаз мезгілінде бұл мәселе ушығып, кейбір шағынаудандарда су беру кестемен жүзеге асады немесе мүлде тоқтап қалады.

Тұрғындардың бұл жолғы әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Бірі мәселені халықаралық деңгейде көтеру арқылы жауапты органдардың назарын аудартуға болады деп есептесе, енді бірі мұндай жағдайдың жыл сайын қайталануына наразылық білдіріп жатыр.