Жұмабек Жанықұлов бұрынғы жұбайының әлеуметтік желідегі жазбаларына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Сұхбат барысында журналист одан бұрынғы жұбайының әлеуметтік желіге шығуына не себеп болды деп ойлайтынын сұрады.
Алайда Жұмабек Жанықұлов бұл мәселенің олардың жеке өміріне қатысты екенін айтып, артық пікір білдіруден бас тартты.
«Қарындасым, ол енді менің жеке өмірім ғой, ол кісінің де жеке өмірі. Оған байланысты мен жауап бердім. Ол кісі сотқа шағымданды, енді құқылы ғой, әр адам сотқа шағымдануға құқылы», - деді ол.
Журналист бұрынғы жұбайының бұл жағдайды әлеуметтік желіде жариялауына не түрткі болды деген сұрақты қайта қойған кезде, Жанықұлов нақты себебін білмейтінін жеткізді.
«Оны енді білмедім, әйел адамның тапқан шешімі шығар. Негізінде менің ол кісіге деген ешқандай ашуым да, ызам да жоқ. Ол кісіні құрметтеймін, ол менің балаларымның анасы. Балаларымның жағдайы жақсы, ешқандай ол жағынан проблема жоқ. Бәрі жақсы болады», - деп жауап берді.
Айта кетейік, бұған дейін Жұмабек Жанықұловтың бұрынғы жұбайы әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, кейін бұл іс сотқа дейін жеткен болатын.