Әнші Нұрлан Өміровтің қазіргі жағдайы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Интернетте тараған видеода өнер иесінің арнайы медициналық құрылғының көмегімен ғана қозғала алатыны көрсетілген, деп хабарлайды Arasha.kz.
Көпшілікке «Жұлдызым» әні арқылы кеңінен танылған «Нұрлан мен Мұрат» дуэтінің мүшесі видеода денесіне арнайы аппарат тағып жүргенін көрсеткен. Оның айтуынша, бұл құрылғысыз жүруі қиын.
Сондай-ақ әнші денесіндегі отадан қалған тыртықтарын көрсетіп, өзіне күтім жасап, қолдау білдіріп жүрген жарына алғыс айтты.
Видеодан Нұрлан Өміровтің денсаулығына байланысты оңалту кезеңінен өтіп жатқаны байқалады. Алайда оның нақты диагнозы немесе ауруының себебі туралы ақпарат жарияланған жоқ.
Әлеуметтік желі қолданушылары әншіге қолдау білдіріп, тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіруде. Желіде тараған видео көпшілікті бейжай қалдырмады.