2007 жылы футбол жанкүйерлері үшін қарапайым қайырымдылық фотосессиясы болып көрінген оқиға арада 19 жыл өткен соң тарихи сәтке айналды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Сол кезде небәрі бес айлық болған Ламин Ямаль әйгілі аргентиналық футболшы Лионель Мессимен бірге қайырымдылық күнтізбесіне арналған фотосессияға қатысқан. Кадрлардың бірінде Месси сәбиді қолына алып, шомылдырып тұрғаны бейнеленген.
Жылдар өте келе сол сәби әлем футболының жаңа жұлдызына айналды. Бүгінде Ламин Ямаль Испания құрамасының негізгі ойыншыларының бірі ретінде 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында өз кумирі Лионель Мессиге қарсы алаңға шығуға дайындалып жатыр.
Кезінде бір кадрда кездескен екі буынның өкілдері енді әлем чемпионы атағы үшін бір-біріне қарсы өнер көрсетпек. Бұл оқиға футбол жанкүйерлері арасында кеңінен талқыланып, көпшілік оны футбол тарихындағы ең ерекше сәйкестіктердің бірі деп бағалап отыр.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Испания мен Аргентина құрамалары кездеседі. Бұл матчта жас жұлдыз Ламин Ямаль алғаш рет әлемдік деңгейдегі ең маңызды ойында өз кумирі Лионель Мессиге қарсы ойнайды.