Тележүргізуші әрі продюсер Динара Сәтжанның Бағдагүл есімді емшіге қарсы сотқа жүгінуінен кейін Threads әлеуметтік желісінде жаңа дау туындады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Еске салайық, бұған дейін Динара Сәтжан әлеуметтік желіде өзін балағаттап, ар-намысына тиетін мәлімдемелер жасаған Бағдагүл есімді емшіні сотқа бергенін мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, алғашқы сот отырысы Астанада өтіп, дауды заң аясында шешуге бел буғанын жеткізді.
Осыдан кейін Динара Сәтжан Threads желісінде:
«Тредсчане, говорят, что тут своя Бағдагүл есть, можете её отметить?» - деп жазба жариялаған.
Көп ұзамай аталған жазбаның астында пікірталас өршіп, қолданушылардың бірі Динара Сәтжанның сотқа жүгіну туралы ескертуіне жауап қайтарды.
Скриншотта қолданушы:
«За что мне угрожаете судом? За какое конкретное оскорбление?»,
деп жазып, өзінің тек сұхбатты талқылағанын, ешкімнің жеке басына тіл тигізбегенін алға тартқан.
Ал Динара Сәтжан өз жауабында:
«Вы можете меня не любить. Можете критиковать. Можете не соглашаться со мной. Но оскорбляя меня вы нарушаете 131 статью Уголовного кодекса. Тредс и TikTok - не анонимная песочница. Это публичное пространство. Каждый ваш комментарий - это ответственность. Еще раз увижу. Увидимся в суде», - деп жазған.
Желі қолданушылары бұл жазбаға түрлі пікір білдіруде. Бірі Динара Сәтжанның өз құқығын қорғауға толық құқығы бар екенін айтса, енді бірі сын мен қорлаудың ара-жігін нақты ажырату қажет деп есептейді.
Қазіргі уақытта аталған пікірталас әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.