Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Тамара Асар 50 жасқа толуына орай Президенттен құттықтау хат алды

Тамара Асар 50 жасқа толуына орай Президенттен құттықтау хат алды
ашық дереккөзден

Қазақстанның халық әртісі Тамара Асар 50 жасқа толуына байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан арнайы құттықтау хат алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әнші бұл жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, өзіне көрсетілген құрмет үшін Президентке алғыс білдірді.

Өнер иесінің айтуынша, Мемлекет басшысының құттықтау хатын Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов табыстаған.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан мерейтойыма арналған арнайы құттықтау хат алдым. Хатты Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов табыстады. Бұл мен үшін ерекше құрмет болды", – деп жазды Тамара Асар.

Айта кетейік, әнші 16 шілдеде 50 жасқа толды. Бұған дейін оның депутаттыққа кандидат ретінде тіркелгені туралы ақпарат тараған еді.