Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Талдықорған – Текелі тас жолында ағаш көліктің үстіне құлап, бес адам зардап шекті (ВИДЕО)

Талдықорған – Текелі тас жолында ағаш көліктің үстіне құлап, бес адам зардап шекті (ВИДЕО)
stan.kz

21 шілдеде Талдықорған – Текелі тас жолында қатты желден құлаған ағаш жолаушылар мінген Toyota Camry автокөлігінің үстіне түсті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ескелді ауданы әкімдігінің мәліметінше, оқиға кезінде көлік салонында бес адам болған.

Көліктегі жолаушылар Ескелді аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

Оқиғадан кейін арнайы қызметтер құлаған ағашты жолдан толық алып тастады. Қазір Талдықорған – Текелі бағытындағы көлік қозғалысы қалыпты режимде жүріп жатыр.

Жолда көліктердің жүруіне кедергі жоқ.