Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Танымал актерлердің қызы Айым Сейітметова ажырасуға өтініш бергенін айтты

Танымал актерлердің қызы Айым Сейітметова ажырасуға өтініш бергенін айтты
Сурет ашық дереккөзден алынған

Танымал актерлер Азат Сейітметов пен Данагүл Темірсұлтанованың қызы, блогер әрі актриса Айым Сейітметова әлеуметтік желіде отбасылық өміріне қатысты мәлімдеме жасап, күйеуі Талғат Итаевпен ажырасуға өтініш бергенін айтты, деп хабарлайды Arasha.kz, Paryz.kz-ке сілтеме жасап.

Айтуынша, ол ажырасу туралы өтінішті ХҚКО-ның онлайн қызметі арқылы рәсімдеуге тырысқан. Алайда жүйе өтінішін үш мәрте қабылдамаған.

Айым Сейітметова бұл шешімге күйеуінің опасыздығы себеп болғанын жеткізді.

«Физикалық түрде шөп салу - эмоционалды опасыздықтың жанында түк емес. Жігіттер, аманаттарыңызды бағалаңыздар және сүйіктілеріңізді ешқашан сатпаңыздар», - деп жазды ол.

Еске салайық, Айым Сейітметова - Қазақстанның танымал актерлері Азат Сейітметов пен Данагүл Темірсұлтанованың қызы. Қазіргі таңда ол бір қыз тәрбиелеп отыр.