Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Бурабайға демалуға барған бүтін бір отбасы қайғылы жағдайға ұшырай жаздады

Бурабайға демалуға барған бүтін бір отбасы қайғылы жағдайға ұшырай жаздады
Жедел жәрдем көлігі. Фото: shutterstock.com

Ақмола облысының Бурабай ауданында ауа райының күрт бұзылуына байланысты жағалауға өздігінен жете алмай қалған жеті адам құтқарылды. Олардың арасында емшектегі сәби де бар, деп хабарлайды Arasha.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқарушылар Бурабай көлінің акваториясын патрульдеу кезінде жағадан шамамен 800 метр қашықтықта резеңке катермен жүрген демалушыларды байқаған.

Алты адам қауіпсіз жағаға жеткізілді

Құтқарушылар катердегі алты адамды, оның ішінде нәрестені қауіпсіз жерге эвакуациялады. Демалушылардың барлығы құтқару кеудешесін киіп жүрген.

Оларға медициналық көмек қажет болмаған.

Щучье көлінде балықшы көмекке мұқтаж болды

Дәл осы уақытта Щучинск қаласындағы Щучье көлінде де бір адам қиын жағдайда қалған. Жағадан шамамен бір шақырым қашықтықта резеңке қайықпен балық аулаған ер адам қолайсыз ауа райының салдарынан құрлыққа өздігінен жете алмаған. Құтқарушылар оны жағаға жеткізді.

Балықшы да құтқару кеудешесін киген және медициналық көмектен бас тартқан. ТЖМ су айдынына шығар алдында қайықтың техникалық жағдайын тексеруге, байланыс құралдарын алып жүруге және міндетті түрде құтқару кеудешесін киюге шақырды.