Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Спорт

«Челси» Дастан Сәтпаевқа қатысты маңызды шешім қабылдады

«Челси» Дастан Сәтпаевқа қатысты маңызды шешім қабылдады
Сурет ашық дереккөзден алынған

Лондонның «Челси» футбол клубы маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынына қатысатын ойыншылардың ресми тізімін жариялады. Қуаныштысы, бұл тізімге Қазақстан ұлттық құрамасының жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев та енді, деп хабарлайды Arasha.kz.       

Клубтың ресми әлеуметтік желілерінде жарияланған құрамға енген Сәтпаев енді негізгі командамен бірге маусымға дайындалады.

Алдағы турне барысында «Челси» Австралия мен Азияда бірнеше жолдастық кездесу өткізеді. Лондондық клуб «Вестерн Сидней Уондерерс», «Тоттенхэм», «Ювентус», «Милан» және «Джохор Дарул Тазим» командаларына қарсы алаңға шығады.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаевтың оқу-жаттығу жиынына шақырылуы - оның клуб бапкерлерінің сеніміне ие болғанын көрсетеді. Егер жас шабуылшы өзін жақсы қырынан танытса, алдағы маусымда негізгі команда сапында дебют жасау мүмкіндігі арта түсуі ықтимал.